«Менің көңіл-күйім»

«Менің көңіл-күйім»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 3Б сыныбымен «Менің көңіл-күйім» жаттығуы жүргізілді.

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу

«Сиқырлы сөз – Иә»

Мақсаты:көңіл-күйді көтеру, өзіне деген қалыптасқан қатынастан шығу.

Нұсқау: психолог әр түрлі сұрақтар дайындайды, кейін оқушылар өздері сұрақтарды дайындайды.

Мысалы: Сенде миллион теңге бар ма?

Саған мұхит ұнайды ма?

Сен мейірімдісің бе?

Сенің шұлығын жыртық па?

Сен билегенді ұнатасың ба?

Сен біреуге ғашықсың ба? Т.б.

Сұрақтың дұрыс немесе бұрыстығына қарамастан оқушылар Иә деп жауап беру керек. Тренинг жаттығуда оқушылар өте жақсы көңіл күйде болды.

Дата: 17.09.2025, 13:56 Автор: №24 мектеп-интернаты