Размер шрифта:

" Қауіпсіз мектеп менің көзіммен"

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де   15.09  күні әдеттегідей таңғы саптық жиын өтті. Таңғы жиын дәстүрлі түрде мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Таңғы жиын оқушылардың құндылықтар негізінде күн сайын ұйымдастырылған және жоспарланған іс-әрекеті. Жиында өткен аптаның қорытындысы, және кезекшілік атқарған сыныптар " Қауіпсіз мектеп менің көзіммен" атты тақырыбында  дайындаған  ақпараттарын  берді. «Қауіпсіз мектеп – әр баланың құқығы»- Осындай ескертулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, достық пен сыйластыққа тәрбиелеуге бағыттайды. 

 Жиыннан кейін әр сыныпта, сынып жетекшілерімен Буллингтен қорған! тақырыбында сынып сағаттары  жүргізілді.  # Адал_азамат

Дата: 17.09.2025, 12:39 Автор: №24 мектеп-интернаты