Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі

Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты»КММ-де 13.09.2025 ж.  Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін сабақта енгізу бойынша ашық сабақтар өткізілді. Сабақтың мақсаты:Үшөлшемді әдістемелік жүйені тәжірибеде қолдану.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, талдау, қолдану дағдыларын арттыру.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

 Сабақтар  5-6-9 сыныптарды жүргізілді

5 «А» қазақ тілі пәнінен, пән мұғалімі Смагулова Г.С

6 «А» математика пәнінен, пән мұғалімі Сатмаганбетова  А.С

6 «А» шетел тілі пәнінен, пән мұғалімі Абдуллаева А.К

9 «А» қазақ әдебиеті пәнінен, пән мұғалімі Оспанова Ж.Н.

9 «А» физика пәнінен , пән мұғалімі Ұлдахан П.Р.

(ҮӘЖ) – оқытудың мазмұны мен әдістемесін жаңаша тұрғыда ұйымдастыратын жүйе. Үшөлшемді әдістемелік жүйемен жұмыс істеу – оқушы білімін арттыруда өте тиімді тәсіл. Бұл жүйе оқушылардың тек ақпаратты есте сақтап қана қоймай, оны түсініп, қолдана алуына, шығармашылықпен ойлап, өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік береді ҮӘЖ сабақ барысында оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра түсті, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нығайа түсті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамыды, бағалаудың әділдігі мен ашықтығы қамтамасыз етілді. Үшөлшемді әдістемелік жүйе – қазіргі білім берудің сұранысына толық жауап беретін, оқушының жеке дамуына нақты септігін тигізетін тиімді жүй

Дата: 17.09.2025, 12:33 Автор: №24 мектеп-интернаты