СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

 

№24 орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» тақырыбында жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

25 мамыр күні еліміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылды. Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды ай қындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады.

Бұл күн – мектеп бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт екені анық.Осындай балғын шаққа «қош» дегізіп, соңғы қоңырау сыңғыры қағылған өмірдің күмбіріндей мектеп бітіруші түлектерге ерекше әсер қалдыратын күн .

 Соңғы қоңырау салтанатына мектеп ұжымы мен ата-аналары,қадірменді қонақтар қатысты.

 Әдемі безендірілген мектеп алаңының салтанатты сабында кеше ғана кішкентай балақандар, бүгін мектеп партасымен қоштасқан түлектер алтын ұяларының алдында соңғы мәрте оқушы кейпінде. 252  оқушысы бар мектепте  4 түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмір табалдырығын аттамақ.Әрқайсысының жанарында – жас, көңілдеріндегі – қимастық сезімі білініп-ақ тұрды. Бұл күні түлектер өздерінің 11 жыл тәлім терген тарыдай шәкірттен, таудай   азаматша болғандарын сезінгендей.

 Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Қ.Ж. Ахметова  алып, мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтап, ҰБТ қатысатын4  түлекке сәттілік тіледі. Білім ордасындағы30ұстаздың арқасында аяқталып отырған оқу жылындағы ұжымның табыстары аз емес екендігін айтып өтіп, озат оқушылар мен үлкен жетістіктерге жеткен шәкірттерді мақтау қағадарымен марапаттап, ұстаздарға алғыс хаттар табыс етті.

Мереке соңында сыңғырлаған қоңырауды 11 сынып оқушылары Қаная Балнұр, Спабекова Калбибі , Серікбек Қымбат,Жумаш Асел  пен 1 сыныптың   оқушылары  Садуова  Зере  мен Сычева Лера  соқты.   Бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен сыныптан сыныпқа көшкен барлық мектеп оқушылары оқу жылын сәтті аяқтап, демалысқа шыққандарына мәз-мейрам болып тарқасты. Жарқын болашақтың есігін ашатын жас өрендерге бізде ақ жол тілейміз.

Дата: 30.05.2013, 15:35 Автор: №24 мектеп-интернаты