"Ахмет Байтұрсынов мұрасы"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ –нде қыркүйек айының 11-ші жұлдызында мектеп кітапханасында "Ахмет Байтұрсынов мұрасы" тақырыбында экскурсия, сонымен қатар ғалымның шығармашылық қызметін ашып көрсететін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен, қоғамдық қызметімен және ақындық шығармашылығымен таныстыру. Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Жоқтау» т.б. қаламынан туған шығармалары оқырмандарға ұсынылды.

Дата: 26.09.2024, 15:29 Автор: Школа-интернат №24