Облыстық "Логика күні" жобасы аясында және "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ әдістемелік кабинеті ұйымдастырған әдістемелік марафонға қатысушы ретінде "N24 мектеп-интернаты" КММ 2024 жылдың 02 ақпанында 3 а сыныбында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-

Облыстық

Облыстық "Логика күні" жобасы аясында және "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ әдістемелік кабинеті ұйымдастырған әдістемелік марафонға қатысушы ретінде  "N24 мектеп-интернаты" КММ

 2024 жылдың 02 ақпанында  3 а сыныбында бастауыш сынып мұғалімі, педагог- модератор,  Балмагамбетова Гульназ Есимхановна математика пәнінен  «Текше, тікбұрышты параллелепипед» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтағы  әр тапсырма оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыруға құрылған.Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында фотосурет қиындылары таратылып, пазыл құрау арқылы қандай фигуралар шыққандығын анықтау оқушылар үшін тиімді тапсырма болды. «Факт» әдісі арқылы берілген қиындыдан фигура құрап шығару, оның  қырын, төбелерін анықтау оқушылардың белсенділігін арттыра түсті.Сабақтың әрбір кезеңдері өткен сайын оқушылар берілген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып,өз білімдерін көрсете білді. Сабақта мұғалім өз мақсатына жетті.

Дата: 29.02.2024, 15:18 Автор: №24 мектеп-интернаты