Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ- сінде мектеп кітапханасында қысқы демалысқа арналған іс - шаралар аясында "Үнемі оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу сағаты ұйымдаст

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  "№ 24 мектеп-интернаты" КММ- сінде мектеп кітапханасында қысқы демалысқа арналған іс - шаралар аясында "Үнемі оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды бос уақытта кітап оқуға шақыру, оқыған кітаптары бойынша қызықты тапсырма орындау, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Мектеп кітапханашысы заманауи кітап оқитын адам, табысты, білімді, мәдениетті болатын түсінік берілді. Бос уақыттарында кітап оқу, кітап оқитын адам бейнесі, кітап оқу құндылықтардың негізі болып табыла ма, соны сөз етті. Ақпарат ғасырында кітап деген не және оқу табысқа қалай әсер ететіні жайлы түсінік берді. Балалар кітап оқу өз бетінше, сыни пайымдауларын дамытатын, ойлайтын тұлғаны тәрбиелеуге көмектесетінін атап өтті. Кітаппен қарым-қатынас сана мен жүректі баурап алады, әлем және өзі туралы ойларын оятады. Соны мен қатар, кітапты аша отырып, ойлайтын оқырман бір мезгілде өзінің жеке мүмкіндіктерін ашады.

Дата: 3.01.2024, 17:03 Автор: Школа-интернат №24