«Тарих толқынында»
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 11.12.23 күні «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы аясында ҚР Ұлттық музейіне 8-9 сынып оқушылары виртуалды экскурсия жасады. Виртуалды экскурсияның мақсаты : оқушыларға Ұлы дала өркениеті мен тарихын таныстыру. Оқушыларға Ұлттық музейдің ежелгі және орта ғасырлар тарихы залы көрсетілді. Қола дәуірінен бастап Түрік қағанатына дейінгі аралықтағы кезеңге жататын жәдігерлер тамашаланды.
Дата: 14.12.2023, 21:57 Автор: №24 мектеп-интернаты