"Медсынып жобасы"

Қарағанды білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-де "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" облыстық форумның аясында 9 сынып оқушылары үшін "Медсынып жобасы" алғашқы көмек көрсету деген тақырыпта іс-шара өтті. Мақсаты: медицина мамандығы жайлы жақын танысу, кәсіптік бағдар беру арқылы жарақат кезіндегі  алғашқы көмек көрсетуді тәжірибе жүзінде көрсету. Осы жоба аясында  "Балқаш медициналық колледжінде" білім алып жатқан бұрынғы мектебіміздің түлектері қонаққа келіп, оқушылардың ойында жүрген сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар мектебіміздің медбикесі улану кезінде, қанды тоқтату барысындағы алғашқы медициналық  көмек көрсету жайында тәжірибе көрсетті. Медицина мамандығы туралы оқушыларға жалпы ақпарат берілді.

Дата: 14.12.2023, 21:22 Автор: №24 мектеп-интернаты