Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-сінде "Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығында" ашылған "Даналық мектебі" клубының отырысы өтті. "Даналық мектебі" клубының негізгі мақсаты позитивті тәрбие мәдениетін дамыту арқылы мектеп о
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-сінде "Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығында" ашылған "Даналық мектебі" клубының отырысы өтті. "Даналық мектебі" клубының негізгі мақсаты позитивті тәрбие мәдениетін дамыту арқылы мектеп оқушыларының әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады.
Орталықтың міндеттері:
– ұлттық құндылықтар негізінде ата-аналарға жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру;
– Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту;
– позитивті тәрбие мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестердің күш-жігерін біріктіру
Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Дата: 27.11.2023, 16:22 Автор: Школа-интернат №24