" Салауатты өмір салтын сақтаймыз"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-де 2023 жылдың 15 қыркүйек күні. " Салауатты өмір салтын сақтаймыз" атты спорттық ойындар ұйымдастырылды. Мақсаты: Денсаулық туралы, денсаулықтың қадірі туралы түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру. Жүгіру, жүру, лақтыру, қағып алу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым түрлерін қалыптастыру, балаларды қимыл ойындарына тәрбиелеу.
Дата: 15.09.2023, 15:27 Автор: Школа-интернат №24