Размер шрифта:

Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – тiл саласы.

Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – тiл саласы.

Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – тiл саласы. Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қана қоймай, болашақ ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Әр халықтың тарихи дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени қарым-қатынасы ең алдымен оның тілінен көрініс табады. Халқымыз «Ел мәдениеті тілден басталады» дейді

     Тіл саясаты бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып, тіл тағдыры – ел тағдыры екенін барша қазақстандықтар түсіністікпен қабылдауда.

Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты оның ішінде мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.Осыған орай  мемлекеттік тіл саясатын қолдау көрсету жоспарына сәйкес «Тіл саясаты» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында дебат өткізілді. Мақсаты Жастарды кез келген ортада дағдыландыру, сөздік қорларын молайту, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру Тіл саясаты - тілдік дамуға қоғамның саналы ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі, яғни, қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас құралдарын жасау болып табылады. 

                                            Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.С. Смагулова

Дата: 1.09.2023, 11:39 Автор: №24 мектеп-интернаты