Размер шрифта:

«Мектепке жол» республикалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы

2023 жылдың 1 тамызында Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.  Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу. Осы шараны жүзеге асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізудің Тұжырымдамасын әзірледі.

 «Мектепке жол» акциясы балаларға білім алу кезінде қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсете алады, оның мектепке барар жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға көңіл бөлуде және шынайы қамқорлық көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

#мектепкежол2023

#дорогавшколу2023

Дата: 27.07.2023, 9:40 Автор: №24 мектеп-интернаты