Ашық алаң форматындағы ата-аналар жиналысы

Ашық алаң форматындағы ата-аналар жиналысы

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ- сінде ашық алаң форматында ата - аналар жиналысы өтті.  Іс - шараға  5-9 сынып ата - аналары, пән мұғалімдері, қалалық білім бөлімінің бас маманы Айтжанова Бақыт Сүндетовна, Балқаш қаласы  прокуратурасының прокуроры  Қуанышбек Қайрат Асланұлы, мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы қатысты. 1 қабатта мектеп парламентінің үгіт - насихат тобы ақпарат беріп қарсы алып, 2 қабаттағы оқушылардың қолөнер шығармашылығынан көрмені таныстырды. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқыған кітаптары желісінде қойылған "Қараш - қараш оқиғасынан" қойылымды тамашалады, сонымен қатар қалалық өнер мектебімен жасалған меморандум бойынша жүргізілетін би үйірмесінің бишілері өздерінің билерін ортаға салды. Соңында пән мұғалімдеріне өздерінің сұрақтары бойынша жеке - жеке кеңес алды.

Дата: 22.02.2023, 16:00 Автор: №24 мектеп-интернаты