"Мектептегі медиация қызметі арқылы мектепті қауіпсіз кеңістікке айналдыру"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-сінің директоры, кәсіби медиатор, тренер -жаттықтырушы А.К.Мусина 01.11.2022 жылы Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының сынып жетекшілеріне арналған күзгі мектеп аясында "Кәсіби өсу мектебі" атты оқыту курсында "Мектептегі медиация қызметі арқылы мектепті қауіпсіз кеңістікке айналдыру" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Жалпы медиация қызметінің негізімен таныстыра отырып, медиация қағидаттары және практика жүзінде қолданысы бойынша бейне роликтер көрсету арқылы құнды мағлұматтар берді.
Дата: 4.11.2022, 7:49 Автор: №24 мектеп-интернаты