«Жас Ұлан»
Республика күніне орай «№24 мектеп-интернаты» КММ-де салтанатты саптық жиын өтті. Жиын мемлекеттік гимнді орындаудан басталды. Мектеп директоры А.К.Мусина құттықтау сөз сөйлеп оқушыларды жетістіктерімен құттықтады. Жиында үздік және озат оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын 5 сынып білім алушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Олардың барлығы патриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жерді сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылу арқылы өздеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін жақсы түсінеді. Сонымен қатар мектептегі «Самрұқ» үгіт – насихат тобы меркеге арналған өлеңдерін оқып, «Шабыт» бишілер мың бұралған билерін билеп іс – шараның көркін кіргізді.
#өзін_өзібасқару09
#самоуправление09
#РУМЦДО
#мектеп_парламенті
#деньреспублики09
#Республикакүнібілім09
Дата: 27.10.2022, 13:47 Автор: №24 мектеп-интернаты