Размер шрифта:

"Балқаш рухани жаңғыру жолында"

Қарағанды облысы білім басқармасының, Балқаш қаласы білім бөлімінің 

«24 мектеп-интернаты» КММ-де сәуір айының 11 жұлдызында 3 "А" сынып оқушыларымен "Балқаш рухани жаңғыру жолында" атты танымдық, ізденіс-зерттеу сағаты өткізілді.Мақсаты: Балқаш көлінің, қаласының  тарихы, құрылысы, оның бас өндіріс орны тау-кен іргетасының қалануы үрдісі жайлы, сондай-ақ табиғи ерекшеліктері, байлығы жөнінде және 80 жыл көлемінде қаланың өсіп даму барысы жайлы оқушыларға жалпы түсінік беру. Тәрбие сағаты ізденіс-зерттеу сағаты болғандықтан, дайын ақпаратты мұғалім бермей, балалар өздері әртүрлі тапсырмалармен жұмыс жасай, зерттей отырып жаңа ақпараттарды жинады. Сабақ соңында жинаған ақпараттарымен топтық жұмыс жасау  арқылы ортаға шығып бөлісті.

Дата: 19.04.2022, 9:57 Автор: №24 мектеп-интернаты