«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
17.11.2021 ж. «Балқаш қаласының №24 мектеп - интернаты» КММ жанындағы «Айбөбек» шағын орталығында «Балбөбек» тобының балаларымен Қазақ халық ертегілерінің желісінде мультфильм көру, ертегіге декорация құрастыру бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тақырыбында апталық өтті.
Апталық мақсаты:
Балаларды шығармашылыққа баулу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту
Апталық барысында:
Балалар ертегі көріп, тамашалады, мазмұнын түсіне отырып, қызығушылықпен
әңгімеледі.
«Тілек шеңберіне» тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтты, ертегіге қызығушы-
лық білдіріп, өз әсерлерімен бөлісті.
Ертегінің жағымды кейіпкері қарлығаштың суретін салды және
кейіпкерлерге құрастырылған декорация бойынша шағын көрініс қойылды.
Күтілген нәтиже: Ертегінің мазмұнын түсінді, адалдықты, шыншылдықты
үйренді. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білді. Сөздерді дұрыс
байланыстыра сөйлеуді, ертегі мазмұнын айтуға үйренді.
Дата: 29.11.2021, 9:20 Автор: №24 мектеп-интернаты