«Robotics -2021»
«Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің
«№ 24 мектеп-интернаты» КММ – де «Robotics -2021» Мектепішілік робототехника байқауы өтті .
«Robotics -2021» Мектепішілік робототехника байқауы оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету, техникалық пәндерді әйгілеу, оқытудың шығармашылық түрінің жаңа бағыты ретінде білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Байқаудың негізгі міндеттері:-Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылым саласындағы талантты оқушыларды анықтау; Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ұлғайту; Логикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылды. Байқауға 5,7 сынып оқушыларынан құралған команда (2 оқушы) қатысты. Байқау ІІІ - кезеңнен тұрды.
І-кезең. «Кегельринг»
Шарты: Әр командаға 2 минут уақыт беріледі. Робот қара жолақтан сыртқа шығып кетпей, шаршының сыртына 8 кегельді шығарып тастауы тиіс.
ІІ-кезең. «Сызық бойымен жүру»
Шарты: Робот 380х240 см алаңда 50мм қара сызық бойымен айналып жүріп шығып, көк жолаққа тоқтауы тиіс. Егер робот қара сызықтан шығып кетсе, сайыс тоқтатылады.
ІІІ-кезең. «Кім жүйрік»
Шарты: Оқушылар 1 минут уақыт ішінде сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс.
Барлық кезеңдерде жылдамдық бағаланды. ІІ кезеңнен соң нәтижесі төмен 2 команда, ІІІ кезеңнен кейін 1 команда сайыстан шығарылады.
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, «Үздік ойыншы» анықталды.
Дата: 1.11.2021, 14:58 Автор: №24 мектеп-интернаты