14.06.2021 күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның мектептерінде «Тәуелсіз ұландары» тақырыбында 11 сынып түлектерінің аттестатты салтанатты тапсыру іс –шарасы өтті.

   Салтанатты іс –шараға  11 «А» сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекші қатысты.

Мақсаты: Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі маңыздылығы, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу. 

«Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында ұйымдастырылған іс –шараның бірінші бөлімі  түлектерді салтанатты түрде шақырумен басталды.Іс –шарада  Қазақстан Республикасының Гимніне құрмет көрсетілді.Мектеп директоры М.С.Есжанова түлектерді құттықтап, салтанатты түрде аттестат табыстады.Мектеп түлектері мектепке,ұстаздарға,еліне,Отанға деген сүйіспеншілігін өлеңдері және көңілді әндері арқылы жолдады.

Іс –шараның екінші бөлімі оқу бөлмесінде өтті. Түлектердің естерінде қалатындай «Сүйікті цифр» мен «Мен және мектеп» ойындары ойнатылды.Шешуші кезең – «Арман – тілектер орындалсын!» деп аталды. Әр түлектің қолдарында өздерінің арман-тілектері жазылған қағаздарымен бірге шарлар аспанға ұшырылды.Мектеп түлектерінің айбарлы да айбатты, ар-намысты, ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоя алатын елінің жастары болатынына сенеміз .Түлектерге ақ жол тілейміз!

Дата: 14.06.2021, 13:05 Автор: Школа-интернат №24