«Бала еңбегіне қарсы 12 күн»

«Бала еңбегіне қарсы 12 күн»

«Бала еңбегіне қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны аясында #24 мектеп интернатында 4 маусым күні "Бала еңбегін қанау дегеніміз не?" тақырыбында 9  сыныптарда сауалнама жүргізілді.  

 

Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындағаны жөн. Сауалнама барысында баланың құқықтары туралы түсіндіру жұмысы жүргізіліп,  ақпарат берілді.

Оқушылар алдын — ала  дайындалған сұрақтарға жауап беріп,  ойларын ортаға салды.

Дата: 4.06.2021, 15:25 Автор: Школа-интернат №24