Размер шрифта:

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ Мектеп президенті мен фракция депутаттарын сайлау туралы ақпараты Мектеп оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалып

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ Мектеп президенті мен фракция депутаттарын сайлау туралы ақпараты Мектеп оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалып

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ Мектеп президенті мен фракция депутаттарын сайлау туралы ақпараты Мектеп оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сайлау онлайн дауыс беру үлгісінде өткізілді. Мектеп президентіне үміткерлер: 1. Токметова Аяулым 2. Орал Ажар 3. Рахат Айдос 4. Қалашбаева Торғын 5. Қуанышбекова Айзада 6. Төлеухан Аяулым 7. Жолдыбек Мейір Үміткерлерді сайлау ZOOM форматындағы жиналыспен басталды. Кейін оқушыларға дауыс беру сілтемесі жіберіліп, оқушылар өз дауыстарын беріп шықты. Қортындылай келе сайлауға жалпы қатысқаны 1205 адам қатысып, мектебіміздің президенті Жолдыбек Мейір болып сайланды. Ал қалған оқушылар мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері болып сайланды. Айта кетсек, Құқық және тәртіп фракциясының депутаты – Орал Ажар Ақпарат фракциясының депутаты – Төлеухан Аяулым Спорт және салауатты өмір салты фракциясының депутаты – Қалашбаева Торғын Өзін-өзі тану және бақыт (психология) фракциясының депутаты – Токметова Аяулым Қамқорлық (еріктілік) фракциясының депутаты – Қуанышбекова Айзада Мәдениет және өнер (музыкалық, көркем шығармашылық) фракциясының депутаты – Катышева Антонина Дебат қозғалысы фракциясының депутаты – Рахат Айдос Экология және еңбек фракциясының депутаты – Джетенов Темирлан #школьное_самоуправление#РУМЦДОМОНРК

Дата: 16.04.2021, 21:32 Автор: №24 мектеп-интернаты