Размер шрифта:

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ -де жаратылыстану -ғылыми және үштілділік білім беру апталығы аясында 8-9 сыныптар арасында химия пәні бойынша "Химия әлемі" атты интеллектуалды ойын өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ -де жаратылыстану -ғылыми және үштілділік білім беру апталығы аясында 8-9 сыныптар арасында химия пәні бойынша "Химия әлемі" атты интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылымдарға атап айтқанда, химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ақыл-ой шығармашылығымен айналысатын білім алушылардың қабілетін ашу, білімге тарту. Барлық сұрақтар химия пәнімен және оны практикада қолдану аясымен байланысты құрастырылған. "Тіл-шешендік" кезеңінде оқушыларға ағылшын тілінде химиялық терминологияны білуді талап ететін сұрақтар қойылды. Ұйымдастырушы: химия пәні мұғалімі Ұлдахан П.Р. #трехъязычие #наука #неделя #умц

Дата: 15.04.2021, 9:36 Автор: Школа-интернат №24