26-наурыз 2021 жылы мектеп ұжымымен «Латын әліпбиі - заман талабы» тақырыбында таныстырылым шебер сыныбы ұйымдастырылды.
26-наурыз 2021 жылы мектеп ұжымымен «Латын әліпбиі - заман талабы» тақырыбында таныстырылым шебер сыныбы ұйымдастырылды. Мақсаты: латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша мұғалімдер арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Мұғалімдерге латын әліпбиіне көшу-қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіндігін, латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуымен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатындығымыз жайлы айтылды. Латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңызды екендігін айта отырып,біз латынға көшкенімізде ұтатын тұстары мен маңыздылығы айтылып түсіндірілді. 28-қаңтар 2021 жылғы өзгеріске енген жаңа қазақ әліпбиі көрсетіліп, әр әріппен таныстырма жұмысы жүргізілді. Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31,қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылғандығын және қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілгендігімен, халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылғандығы түсіндірілді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланғандығы айтылды. Әріптестермен жаңа әліпбимен берілген сөздерді оқып жарыс ұйымдастырылды. Мұғалімдер қауымы өте жоғары деңгейде белсенділік танытып, таныстырылым жоғары деңгейде өтті.
Дата: 1.04.2021, 12:34 Автор: Школа-интернат №24