14 желтоқсан күні барлық сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені» тақырыбымен сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаты - ел бақыты,гүлденген Отанымыздың тәуелсіздік алғанына 29 жыл толуына байланысты өткізілді. 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлық жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп,егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады.Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел.Сондықтан да 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып отырған республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Еліміздің Туы мен Елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.Халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Осы ақпараттар сынып сағатында бейнеролик арқылы көрсетіліп, оқушылар тілектерін өлең –жырмен жеткізді.
Қатысқан оқушылар саны:193
Дата: 14.12.2020, 11:24 Автор: Школа-интернат №24