14 желтоқсан күні барлық сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені» тақырыбымен сынып сағаттары өтті.

14 желтоқсан күні барлық сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені» тақырыбымен сынып сағаттары өтті.

Сынып сағаты -  ел бақыты,гүлденген Отанымыздың тәуелсіздік алғанына  29 жыл толуына байланысты өткізілді. 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлық жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп,егемендігін алған ерікті Қазақстанды  әлем мойындай бастады.Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел.Сондықтан да 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып отырған республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Еліміздің Туы мен Елтаңбасы 1992 жылы  4-маусымда мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.Халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Осы ақпараттар сынып сағатында бейнеролик арқылы  көрсетіліп, оқушылар тілектерін өлең –жырмен  жеткізді.

Қатысқан оқушылар саны:193

Дата: 14.12.2020, 12:24 Автор: №24 мектеп-интернаты