«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік»
9.12 - 12.12 желтоқсан аралығында мектебімізде 16-Желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқау 6-8 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік алуы,бүгінгі еліміздің табыстары мен жетістіктерін дәріптеу.Оқушыларды рухани - патриоттық тәрбие бере отырып, өз еліне ,атамекеніне деген сүйіспеншілікке мемлекеттік рәміздер мен ана тілімізді құрметтуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-шараға 6-8 сынып оқушылары қатысып, үздік деп танылған эссе иелеріне мақтау қағазы табыс етілді.
Эссе жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы;
2. Ой – пікірдің жүйелілігі;
3. Стилі;
4. Граматикалық сауаттылығы;
І дәрежелі дипламмен 7 сынып оқушысы Төлеухан Аяулым
ІІ дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушысы Қуанышбекова Айзада
ІІІ дәрежелі дипломмен 6-сынып оқушысы Ғабиден Жансерік
Дата: 11.12.2020, 9:53 Автор: Школа-интернат №24