Размер шрифта:

«Балқаш қаласының жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ – нің мұғалімдері, ата - аналары мен оқушылары «Сен құқығыңды білесің бе?» тақырыбында ақпараттық жиналыс ұйымдастырды.

     Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда  «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында «Балқаш қаласының жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ – нің мұғалімдері, ата - аналары мен оқушылары құқықтық білімдерін  арттырып отырады.Осы мақсатта мектептің әлеуметтік педагогы А.О.Хасенова оқушылармен «Сен құқығыңды білесің бе?» тақырыбында ақпараттық жиналыс ұйымдастырды. Әлеуметтік педагог А.О.Хасенова тақырыптық баяндама жасады.Мектеп инспекторы Ж.Б.Секебаев  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және карантин кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндірді. Жиналыс  барысындағы баяндамадан және сұрақ, сауалнамалардан кейін оқушылардың құқықтық мәдениет деңгейі артты.

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі,5-11 сынып оқушылары және мектеп инспекторы Ж.Б.Секебаев

 

Дата: 6.11.2020, 10:50 Автор: №24 мектеп-интернаты