№ 24 орта мектебінде 25.09.2020 жылы кезекті жиналыс өтті.
Күн тәртібінде :
1. 21.09-25.09 аралығындағы мектепішілік бақылау жұмысының қорытындысы.
2. "ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ" мектепішілік байқау ережесі және қатысушылар тізімімен таныстыру.
3. Облыстық орыс тілі пәні бойынша өткізілетін семинар туралы.
4.Апта бойы өткізілген тәрбиелік іс-шаралар қорытындысы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқу ісінің орынбасары А.К.Мусина сөз алып, мектепішілік бақылау жұмысының қорытындысымен таныстырды.Бақылауға алынған пәндер физика, информатика , көркем еңбек, денешынықтыру бойынша ұсыныстар төмендегідей:
1. Қашықтан оқыту барысында оқушылардың толық қамтылуын қамтамасыз ету.
2. Оқушыларды уақытты үнемдеу пайдалануға қалыптастыру.
3. Физика сабағында виртуалды лабораториялық жұмыстардың сапасына көңіл аудару .
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша "ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ " мектепішілік байқауының ережесімен таныстырылды. Байқауға қатысушылар :
Спабекова К.Е- бастауыш сынып мұғалімі
Өрікбай М.Е-бастауыш сынып мұғалімі
Дәрібай Б.Қ-бастауыш сынып мұғалімі
Ахай Е.К- музыка пәнінің мұғалімі
Алпысбаева М.А-ағатәлімгер
Н.С.Бекмағанбетова - информатика пәнінің мұғалімі
Серикова Э.З - физика пәнінің мұғалімдерінен өтініш түсті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі И.О.Маулетова облыстық семинар өз тәжірибесімен бөлісуге ұсынылды.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша ТІМ К.А.Бейсекина сөз алып , апта бойынша өткізілген шараларға сараптама жасады.
Дата: 27.09.2020, 17:12 Автор: Школа-интернат №24