Размер шрифта:

Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектеп басшысы Есжанова Мереке Сериковна педагогикалық ұжыммен "2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" тақырыбында жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізді.

Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектеп басшысы Есжанова Мереке Сериковна  педагогикалық ұжыммен

    Педагогикалық кеңестің мақсаты - коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету . Кеңес барысында мектеп басшысы келесі мәселелерді қозғады:  1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;

2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;

3) 11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;

4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;

а) техникалық дайындық және жұмыс орны;

б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;

в) педагог имиджі және этикетті сақтау;

5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;

6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;

7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек? . Педагогикалық кеңес соңында көтерілген мәселелер бойынша кері байланыс жүзеге асырылды.

Дата: 19.08.2020, 11:26 Автор: №24 мектеп-интернаты