Размер шрифта:

Бүгін мектеп жанындағы лагерьдің 10 күні. Әдеттегідей күніміз балаларды қабылдаудан басталды.

Бүгін мектеп жанындағы лагерьдің 10 күні. Әдеттегідей күніміз балаларды қабылдаудан басталды. Жоспар бойынша таңғы жаттығулар жасалып, музыка ырғағымен қимыл – қозғалыстар жасалды. Таңғы жиын ұйымдастырылып, бүгінгі күнге арналған жоспармен таныстырылды. Содан кейін балалар таңғы астарын ішіп, жоспар бойынша қозғалмалы ойындар оның ішінде балаларға арналған алаңда ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мақсаты: теориялық ойын түрлерін,  мазмұны, ережелерін, ерекшелігін меңгерту. Тәрбиелік ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару. Ойындарды бастамас бұрын балалар ойынның шарты мен ережелерімен таныстырылды. Балалар топтарға бөлініп өздерінің қалаулары бойынша ойындарға қатысты. 1 топ «Қол алыспақ» ойының ойнаса, 2 топ «Ақсерек, көксерек» ойының, ал 3 топ асық ойнаса, 4 топ алаңдағы әткеншектерге барды.Балалардың көңіл-күйлері көтеріліп ойнағандарынан ұлттық ойындарға деген қызығушылықтары жақсы байқалды. Ойын аяқталғаннан кейін түскі астарын ішіп, бүгінгі өткен іс-шаралар бойынша балалар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасалды.

Дата: 14.06.2019, 12:54 Автор: Школа-интернат №24