Размер шрифта:

«Салауатты өмір салтын сақтаймыз!»

«Салауатты өмір салтын сақтаймыз!»

24 орта мектебінің "Балауса» лагерінің 5 күні әдеттегідей таңертеңгі балаларды қабылдаумен басталды. Содан кейін таңғы жаттығу ұйымдастырып, балаларды бүгінгі күннің жоспарымен таныстырылды. «Ұлы даланың жеті қыры» атты зияткерлік сайысына қатысты. Сайыста оқушылар 3 топқа бөлінді. Сайыс барысында оқушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» туралы көптеген мәлімет берілді. Содан кейін 4 кезең бойынша топтар бір-бірімен сайысып, 1 кезең бойынша топтарға сұрақтар қойылды. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай берілді. 2 кезең бойынша оқушылар мақалды жалғастырып, 3 тілдегі аудармасын айтты. 3 кезең және 4 кезең бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ұпай сандарын иеленді. Сайыста «Алғырлар» тобы жеңіске жетті.
Келесі кезекте жоспар бойынша «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» атты эстафеталық ойындар өткізілді. Балалар әр түрлі кедергілерден өтіп, оздерінің ептіліктерін көрсете білді. 
Кейін «Көңілді би алаңы» балалар өлеңдерінен би кешін ұйымдастырды. Оқушылар әр түрлі әндер орындап, би билеп, көңіл көтерді.

Дата: 8.06.2019, 8:50 Автор: Школа-интернат №24