№24 орта мектебінде көктемгі демалыс кезінде жүргізілетін тәрбиелік іс - шаралар жоспарына сәйкес 5-8 сынып оқушылары қаладағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясының мұражайына саяхат жасады.
Экскурсияның мақсаты: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайымен таныстыра отырып, мағлұмат беру; оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Дата: 26.03.2019, 14:17 Автор: Школа-интернат №24