Размер шрифта:

№ 24 орта мектебінде "НЗМ тәжірибесін тарату : оқу-зерттеу әрекеті" тақырыбында жоспарға сай қалалық семинар өтті.

№ 24 орта мектебінде

 Семинар барысында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі "Қ азақ тілі және әдебиеті сабақтарында "Миға шабуыл" әдісін қолданудың тиімділігі" тақырыбында шебер сынып көрсетті. Әдісті ұтымды пайдалануды бейне көрсетілімдермен көрсете отырып, қатысушылармен практикалық топтық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар 2 б, 7а, 8а сыныптарында ашық сабақтар берілді. Семинардың 2 бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының жүзеге асыру мақсатында шығармашылық жұмыстар қонақтар назарына ұсынылды. Семинар соңында қонақтар өз ойларын білдіріп, өткізілген шараларға оң бағасын берді. 

Дата: 27.02.2019, 7:40 Автор: Школа-интернат №24