«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында өткен сынып сағаты туралы ақпарат

 «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында өткен сынып сағаты туралы ақпарат

№24 орта  мектебінде 8А сыныбында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, өз елін, тарихын білуге, Елбасымыздың мақаласы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру, таным белсенділіктерін арттыру. Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі тарапынан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы ақпарат беріліп кетті. «Дарынды ұрпақ» бөлімінде Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан сыр шертетін сұрақтар қойылып, оқушылар өздерінің дайындықтарын көрсете отырып, жауап берді. Одан кейін оқушылар үйде дайындап келген «Ұлы даланың жеті қыры туралы» алдымен бейнероликтерін көрсетіп, одан кейін ауызша ақпарат беріп кетті. «Рухани жаңғыру – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу», «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі», «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы» тақырыптарында оқушылар топтық жұмыстар жасап, тақтада қорғап шықты. Сабақ соңында «Туған жеріңе қосар үлесің қандай?» ойыны арқылы  қорытынды жасалды.

Дата: 14.02.2019, 12:56 Автор: Школа-интернат №24