Балқаш қаласы 24 орта мектебінде қоғамдық- гуманитарлық декада аясында қазақ тілі пәні мен Қазақстан тарих пәнінен кіріктірілген сабақ өтті.
Балқаш қаласы 24 орта мектебінде қоғамдық- гуманитарлық декада аясында қазақ тілі пәні мен Қазақстан тарих пәнінен кіріктірілген сабақ өтті. Жалпы сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері басшылыққа алынды. Тақырып пәнаралық байланыста және өмірмен сабақтастырыла жүргізілді. Қамтылған тапсырмалар тізбегі құндылықтармен ұштастырылды, яғни өмір бойы білім алуға, ынтымақтастықта және азаматтық жауапкершілікті сезіне алуға бағытталды. Қажетті АКТ мен көрнекі құралдары тиімді қолданылып, әр кезеңде уақытты ұтымды қолдану басшылыққа алынды.
Бірлесе отырып жүргізілген сабақ пән мұғалі мен қатысушыларға өзіндік әсер қалдырды. Тілдік дағды бойынша ұйымдастырлған тапсырмалар оқушылардың танымдылық қабілеті мен дарындылығын үштауға бағытталған. Сабақ барысында шығармашылық әрә сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмалар тізбегі оқушыларды жаңа бір қырынан тануға мүмкіндік берді.
Дата: 19.10.2018, 11:04 Автор: Школа-интернат №24