Балқаш қаласы 24 орта мектебінде Қарттар күні мерекесі аясында Балқаш бекетіндегі теміржол ұйымының ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
![Балқаш қаласы 24 орта мектебінде Қарттар күні мерекесі аясында Балқаш бекетіндегі теміржол ұйымының ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.](/media/img/journal/5bbc3f05e4b09.jpg)
Оқушылар бекет ардагерлеріне әннен шашу шашып, жүрекжарды өлең жолдарын арнады. Ардагер кеш соңында ақ баталарын айтып , ел ертеңі болар жастарға алғыстарын білдірді. Теміржол ардагерлер ұйымының төрайымы Токарчук Е.В осы кешті ұйымдастырған теміржол ұйымының басшыларына , ұстаздар қауымына жылы лебізін білдіріп, еңбекте жеміс тіледі.
Дата: 9.10.2018, 11:37 Автор: Школа-интернат №24