«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» Отбасылық Тәрбиелеу Институтының нұсқауы бойынша "21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған конференция өтті.
Конференцияның алғы сөзін мектеп директорының м.а. М.С.Асылбекова бастап, ата-аналарға «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» үндеу бейнеролигі көрсетілді. Келесі кезекте сөз кезегін мектеп психологі Г.М.Кулымжанова алып, бірінші сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын проблемалар бойынша айтты. Барлығы конференцияға 28 ата- ана, ана - аналар комитетінің төрайымы және ардагер ұстаздар ат салысты. Конференция барысында ата -аналар қауымы өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, соңында бүгінгі ұйымдастырылған конференцияға пікірлерін білдіріп, оң бағасын берді.
Дата: 16.09.2018, 21:06 Автор: №24 мектеп-интернаты