"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тәрбиеленушілердің ата-аналарына және "Айжайдак"бекет тұрғындарына арналған концерттік бағдарламамен интернат тәрбиеленушілері мен педагогтары мамыр айының 19 күні іс сапарға аттанды.
Балқаш қаласы ЖББ 24 орта мектебінің мектеп жанындағы интернаттың жылдық жоспарына сай "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тәрбиеленушілердің ата-аналарына және "Айжайдак"бекет тұрғындарына арналған концерттік бағдарламамен интернат тәрбиеленушілері мен педагогтары мамыр айының 19 күні іс сапарға аттанды . Сапар барысында жоспар бойынша ата -аналармен жиналыс ұйымдастырылып, жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Мусина " Рухани жаңғыру - білім мен тәрбие кепілі" тақырыбында ақпарат бере отырып , бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан іс- шараларға тоқталды. Екінші сөз кезегін интернат меңгерушісінің м.а. Г.Ашембекова алып, интернат қызметі мен оқушылардың білім сапасы және жетістіктері жайлы толық ақпарат берді. Сонымен қатар мектеп психологы Г.М.Кулымжанова ата -аналар қауымымен тренингтік жаттығулар өткізіп, жағдаяттық сұрақтар қоя отырып, бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестер берді. Бір күндік сапар оқушылардың "Отаным-тағдырым" бағытын жүзеге асыруда ұйымдастырған "Ел жүрегі -Астана " атты концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Интернат тәрбиеленушілері республикалық қашықтықтан өткізілген жас ақындар сайысының 1,2 орын жүлдегерлері Төлеухан Ерасыл мен Қайратов Мирастың шығарған өлең шумақтарымен концерт шымылдығын ашып , әуезді әндер және шымшыма әзіл қойылымдармен жалғасты. Сондай ақ , мектебіміздің түлегі Жұбатқан Иранғайыпта өзінің үлесін қосып , аспапта музыкалық композиция ойнау арқылы өнерімен бекет тұрғындарын тәнті етті. Тағы бір игі істің бастауы бекет маңына ата -аналармен бірлесіп тал отырғызып , ауыл ақсақалдарының батасын алдық.