24 орта мектебінде өткен дәстүрлі "Мектеп күні-2018" іс -шарасы бойынша ақпарат.
24 орта мектебінде өткен дәстүрлі "Мектеп күні-2018" іс -шарасы бойынша ақпарат. 06.04.18 ж күні біздің білім ошағында дәстүрлі "Мектеп күні-2018" іс -шарасы Елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырып, шара 4 бөлімді құрады. Іс-шара "Отаным тағдырым" бағытында "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбындағы тәрбиелік, танымдық -патриоттық іс шарадан бастау алды. Іс-шара барысында тақырыпқа сай бейне роликтер, қойылымдар, танымдық ойындар көрсетілді.Іс-шараны сыныпжетекшілер Абеуова И.Д, Шолакова Л.Б жетекшілігімен 10 сынып оқушысы Оразғали Аяулым жүргізді .Сонымен қатар мектебімізде өз жұмыстарын атқарып жүрген "Жас жол инспекторлары" мен "Жас құтқарушылар" командаларының жұмысы көрсетілді. 2 бөлімде мектебіміздің жас буын өкілдері 4 сынып оқушылары "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 6 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан "Қысқы бақ" жұмысына есеп берді. 3 бөлім Махамбет Өтемісұлының 215 жылдық мерей тойына орай дайындалған "Жырдың алмас қылышы" атты театрлық қойылыммен жалғасын тапты. Қойылым барысында тарихта орны ерекше Исатай Тайманұлының көтерілісі болған кезеңдегі Махамбеттің үлесін толық аша отырып, ақындығы мен күйшілік өнерінен де үзінді көрсетілді.Оқушылардың соғыс алаңын сомдауы, көрермендерді таң қалдырды. 4 бөлім "Өрле, Қазақстан! " тақырыбында концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламаның шымылдығын "Көш керуен " мектепішілік оркестрі "Жастар" күйімен шымылдығын ашып, соданкейін "Астана" тақырыбындағы өлең жолдарымен жалғасын тапты. Концерт барысында "Рухани жаңғыру"биі, "Тәуелсіз қазақ қызымын"әні, "Тәуелсіз елдің ұланы" әндері орындалып, вокалдық топтар мен мектепішілік оқушылар мен педагогтардан құралған хорлардың өнері тамашаланды. МЕКТЕП КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ОҢ БАҒАСЫН БЕРІП, ОҚУШЫЛАРҒА ЖЫЛЫ ЛЕБІЗІН БІЛДІРДІ.
Дата: 11.04.2018, 12:03 Автор: №24 мектеп-интернаты