«Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі»КММ-сінде дәстүрлі «Мектеп күні-2018» іс-шаралар бойынша ақпарат
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.» - деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да қазіргі таңда мектептерде жаңа бағдарлама бойынша сабақтар жүргізіліп, стартап инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Осындай жұмыстардың нәтижесі 2018 жылдың 7 ақпанында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбындағы мектеп күнінде көрсетілді. Мектеп күні 3 блок бойынша ұйымдастырылды. 1 блокта «Көркем еңбек» пәні бойынша технология пәнінің мұғалімі Г.М.Құлымжанова «Ұрмалы, соқпалы музыкалық аспаптар. Даңғыра.» тақырыбындағы кіріктірілген сабақ өткізді. Информатика пәні бойынша «Компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері» тақырыбы бойынша Н.С.Бекмаганбетова 8 сыныпта жүргізді. Қазақстан тарихы бойынша Л.Б.Шолакова «1965 – 1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы» тақырыбында 9 сыныпта өткізілді. 1 блок бойынша жоспарланған сабақтардың барлығы жоғарғы деңгейдегі бағамен бағаланды.
2 блокта «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру «Оқулық беттерінен тыс» тақырыбы бойынша «Өлкетану» бойынша оқу – әдістемелік кешен және дидактикалық материалдардың тұсаукесері көпшілікке ұсынылды. «Балқаш қаласының көшелер тарихы» электрондық оқулығын география пәнінің мұғалімі Б.Е.Садуов ұсынса, «Туған өлкем» оқулық беттерін тыс дидактикалық материалдарды мектепалды даярлық тобы және бастауыш сыныптар мұғалімдерінен құралған ізденіс тобы ортаға салды. Ал, тарих мұғалімі Р.С.Дүйсенбекова «Тарих тағылымы» тақырыбында мектептің виртуалды мұражайымен таныстырып өтті. Сонымен қатар «Қазақстанның 100 киелі мекені» тізіміне кіретін Қарағанды облысындағы Бегазы – Дәндібай мәдениетін насихаттайтын көмекші құралды дайындады. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.Н.Оспанова «Ұлы тұлғалар» әдістемелік құралын ұсынды.
3 блокта бойынша «Шығармашылық идеяларды тәжірибемен ұштастыру» тақырыбы бойынша мектептің даму стратегиясы аясында жүзеге асып жатқан стартап негізіндегі жобалар көрсетілді. Г.М.Құлымжанова «Менің өмірлік таңдауым» кәсіби оқу және кәсіби бағдар беру инновациялық стартап аясында жасалған «Profi» интернет сайтты және әліде әзірленіп жатқан андройд платформасына арналған бағдарламамен танысытырып өтті. Одан әрі, «Жас маман ертеңгі білікті ұстаз» атты жас маманның кәсіби біліктілігін арттыру және әдістемелік көмек көрсету жобасын І санатты бастауыш сынып мұғалімі Д.Н.Самбетова ортаға салды. оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру жобасы бойынша математика пәнінің мұғалімі Н.Қ.Бертаева күнделікті өмірде қажетті және өзекті тақырыпты ортаға салды. Мектеп кітапханашысы А.Б.Бейсенбаева «Кітап.Ел.Рух» мектеп кітапханасы қызметіндегі «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жобасын алып шықты.
Барлық өткізілген сабақтарға, оқу – әдістемелік кешеннің тұсаукесеріне, стартап негізіндегі жобаларға қонақтар тарыпанан өте жоғарғы бағалар беріліп, өздерінің оң пікірлерін білдіріп кетті.
Дата: 8.02.2018, 14:02 Автор: №24 мектеп-интернаты