24 орта мектебінде « Қазақтың Ұлы баласы» тақырыбында кітап көрмесі өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмір жолы, қадір қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрмеде оқушылар Елбасы жайлы қысқаша мағлұмат алды және Елбасы жайлы жазылған кітаптар мен Елбасымыздың туындыларымен танысты.Оқушылар да өз білгендерімен бөлісіп, ойларын айтты.Сонымен қатар «Оқырман назарына...»айдарымен басқада кітаптарда жарық көрген Елбасының еңбектеріне тоқталып , оқушылардың еркін оқып , білуіне мүмкіндік жасалды. Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойып, Елбасымыздың туындыларына қызығушылық танытты. Кітап көрмесі оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Мәдениеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару » бағдарламасы бойынша шығарылған «Нұрсұлтан Назарбаев » атты кітап төңірегінде оқушыларға ізденіс жұмысы берілді. Осы ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында Елбасымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерен еңбектерін насихаттау мақсатында әр сынып мануалдар жасады.