Размер шрифта:
↑

Ғабдол Слановтың туғанына 115 жыл толуына орай іс шараның өткені тураы ақпарат

Ғабдол Слановтың туғанына 115 жыл толуына орай іс шараның өткені тураы ақпарат

Әлімхан Ермеков атындағы мектеп лицейінің  кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы әрі драматург Ғабдол Слановтың туғанына 115 жыл толуына орай « Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар : ең әуелі – ниет керек, одан соң –күш керек,  одан соң –тәртіп керек» атты әдеби кеш өтті.Бұл іс шараны 9 « А» сынып оқушылары Бондаренко К. мен Әуелхан Н. өткізді

 

Әдеби іс шараның негізгі мақсаты – қаламгердің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, оқырманға жазушы мұрасын таныстыру. Кеш барысында оқырман оқушыларға  Ғабдол Слановтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, қаламгердің әдеби мұрасы сөз болды. Сондай-ақ қатысушыларға тақырыпқа байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Кеш барысында жазушы шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орны мен қаламгерлік жолы кеңінен әңгімеленіп, оның мол мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңызы атап өтілді.