Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

2024 жылдың 2 қыркүйегінде еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың орны барлығымыз үшін ерекше болды
Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар.
Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген.
Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ана мен бала, отбасы жайлы, сондай-ақ балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстардың жазасы күшейтілетіндігі жөніндегі мәселелерге тоқталды. Еліміздің болашағы - жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс бағыт беру аға ұрпақтың жауапкершілігінде. Жолдауда айтылғандай, балаларға қатысты қылмыстардың жазасы күшейтіліп, қылмыскерлерге кешірім болмайтынын айтты. Бұл баласы үшін уайым кешкен әрбір ата-ана үшін мықты қолдау болатынына сенімдіміз.
Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестік мұғалімдері жолдауды тыңдап, ой елегінен өткізді.