Хабарландыру Педагогтің бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласының білім бөлімі "Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі" КММ, Мекенжайы: Жидебай батыр 13, тел: мекенжайы эл.пошта: sh17pravo@mail.ru бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
1. Математика мұғалімі 32 сағат
2. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 16 сағат
3. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі 16 сағат
4. Ағылшын тілі мұғалімі 16 сағат
5. География пәнінің мұғалімі 16 сағат
6. Биология пәнінің мұғалімі 16 сағат
7. Химия пәнінің мұғалімі 16 сағат
8. Физика мұғалімі 16 сағат
9. Тарих пәнінің мұғалімі 16 сағат
10. Дене шынықтыру мұғалімі 16 сағат.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру"тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімді сумативті бағалауға арналған тапсырмаларды және тоқсандық сумативті бағалауды жасайды. Электрондық журналдарды толтырады. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды және қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; Педагогика және психология;
Құжаттар тізімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жібереді: 1) лауазымға тағайындау қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш. ..мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері; 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) лауазымға тағайындалу қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы...мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері; Құжаттарды тапсыру мерзімі-25.07.2023-02.08.2023 ж. Конкурс 2023 жылғы 16 тамызда сағат 11.00-де өтеді. Құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде мына мекен-жайға жолдау қажет: Жидебай батыр 13, тел: 8(71036)6-59-90.