Тамыз конференциясына қатысамыз!
Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру процесін сапалы жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 2021 жылғы 9 тамызда бастауыш сынып және жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған тамыз конференциясы өтті. Конференцияда білім алушылардың, педагогтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жаңа оқу жылын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оқыту сапасы, ең алдымен, Педагогтің кәсіби құзыреттілігіне байланысты екенін ескере отырып, тамыз конференциясын ұйымдастырудың мақсаты мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, тәжірибе алмасу болып табылады. Онлайн кездесулерде қалыптастырушы бағалауды, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу басты мәселелердің бірі болды. Тамыз конференциясына "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" мұғалімдері, сондай-ақ шет елдердің мұғалімдері белсене қатысты. Осы конференцияда өткізілген үлкен жұмыстың нәтижелері бағаланды