"Бірге оқимыз"
2020 жылдың 23 желтоқсанында облыстық "Бірге оқимыз" жобасы аясында жоғары санатты химия мұғалімі Е.А. Султанова "Ағылшын тілін қолдану арқылы химия сабақтарында танымдық белсенділікті арттыру үшін жұмыстың белсенді түрлері мен әдістерін қолдану" тақырыбында воркшоп дайындап өткізді. Мастер-классқа қатысушылардың назарына Интернет ресурстарын тиімді пайдалану бойынша мұғалімнің практикалық тәжірибесі ұсынылды.
CLIL әдісін қолдану, өз пәніне және тілді үйренуге деген құштарлық қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесінде қолдану үшін жаңа жұмыс түрлерін, технологиялар мен білім беру платформаларын үнемі іздеуге ықпал етеді.
Елена Анатольевна әріптестеріне Nearpod, Learning Apps, Padlet ресурстары, Интернет желісінде өз тапсырмаларын құрастыру, кроссвордтар, тапсырмалар жинақтары, интерактивті симуляциялар ағылшын тілінде химияны оқуға деген ынтаны арттыруға мүмкіндік беретінін ұсынды.
Воркшоп Қарағанды қаласының, қаланың және облыстың оқу-әдістемелік орталығының әріптестерінің жоғары бағасын алды.