Балқаш қаласындағы В.В.Маяковский атындағы №17 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Балқаш қаласындағы В.В.Маяковский атындағы №17 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Жиынның ашылу салтанаты мектеп көшбасшыларының Мемлекеттік Туын кіргізуімен басталды. Мемлекеттік әнұран орындалды.Мектеп-лицей директоры Ш.Алишева өз сөзінде, Ұлт Көшбасшысының мемлекетімізге жасаған ерен еңбегі туралы айтып өтті. Тұңғыш Президенттің қол жеткізген жетістіктерін, оқушыларды өз елі үшін мақтанышты, патриоттық сезімді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды ұстануға шақырды.Мектептер Ұлт Жоспарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын және соның нәтижесінде бүгінде елімізде мемлекеттің талаптарына жауап беретін білімді жастар көбеюде деп айтып өтті. Сөзінің соңында Не?Қайда?Қашан? атты қалалық сайыстың жеңімпаздарын 3 орынды иеленуімен құттықтады.
Мектеп-лицейдің оқушылар арасындағы өзін-өзі басқару ұйымының президенті Парвиз Курбонов ұстаздар мен оқушыларды атаулы мерекемен құттықтай отырып ,салауатты өмір салтын нық ұстанып,халқымыздың мақтанышы болуға және өз еліміздің патриоты болуға шақырды.
Келесі кезекте «Сұңқар»шаңырағы «Елім-Қазақстан» әнін өз нақышында орындады.Жасұлан мен жас қырандар қатарынан құрылған флешмоб өте әсерлі болды.Оқушылар өздерінің билерімен бір шаңырақ астындағы бірлікті,достықты шебер көрсете білді.Осылайша салтанатты жиын да өз мәресіне жетті.Оқушылар еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра түсті деген ниеттеміз.