Размер шрифта:

«Көп тілділік –заман талабы»

«Көп тілділік –заман талабы»

«Үш тұғырлы тілді» меңгеру– еркіндіктің, бостандықтың, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі. Біз осылай үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады».«Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу- біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішіндеде, шет жерлерде де өз дүниетанымдарымен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингвафранкасын»  меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады»      

Н.Ә.Назарбаев

Шет тілдер ғылыми-әдістемелік кафедрасының онкүндікті өткізудегі мақсаты мектеп-лицей оқушыларын көркем әдебиет оқуға баулу, орыс, ағылшын және француз тілдерін меңгерудегі қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру, тілді меңгеру қажеттілігін ұғындыру.

Ақпанның 01.02-11.02 аралығында Шет тілдер онкүндігі бойынша жоспарланған іс-шаралар оқушылармен жүргізілді. Апталықты 7Ә сыныбының  үгіт-насихат тобы орыс,ағылшын, француз тілдерінде отан,тіл,достық туралы тақпақ айтып, ашты. Мектеп-лицейдің І қабатында «Көп тілділік –заман талабы »атты тақырыптық постерлер, сурет  байқауы ұйымдастырылды.

Онкүндік барысында 3,4,5А,5 Ә,6 Ә,6Г,8 сыныптарында орыс,ағылшын, француз тілдерінде әртүрлі интеллектуалды сайыстар,танымдық  ойындар, сахналық қойылымдар,мәнерлеп оқулар өткізілді.Сонымен қатар. 3Г,8В, 5 Ә,6Б,5А,5В,7А,6А сыныптарында ашық сабақтар өткізілді. Жалпы онкүндікке  270 оқушы қатысты. Оқушылар өздерінің қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі – үштұғырлы тіл ұстанымын айқындай отырып, қазақ тілі мәртебесін көтеріп, мерейін үстем ету және орыс, ағылшын,француз тілдерін жетік білуге қызығушылықтарын танытты.

Оқушылар қандай да болсын жетістіктің табандылық пен еңбектің арқасында келетінін түсінді.

Озып шыққандарға арнайы марапаттаулар мен алғыс хаттар  берілді.   

Еліміздің болашағы балалар мен жасөспірімдерге мұндай іс-шаралардың берер тағылымы мол.