жалпы ата- аналар жиналысының өтілуі туралы ақпарат
2013-2014 оқу жылы 26 ақпан айында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 200 ата-ана, 47 мұғалім қатысты. Жиналысты мектеп директоры Г. Әби елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір бір болашақ» атты жолдауы бойынша «Елбасы жолдауы –ел қамын ойлауы» атты баяндамасын оқып, ата-аналарды ынтымақтаса отырып, жұмыс жасауды айтып өтті. 2 «а,ә» сынып жетекшілері Г. Сатывалдинова мен С. Кәкітаевна ата-аналардың көмегімен іс-шараларға әр түрлі нақышта киімдер тіктіріп, қалалық «Шоқ жұлдыздар» байқауында І орын иеленді. Мектеп оқушылары « Өнерге қанат қаққандар» атауымен жиналған ата-аналарға шағын концерт көрсетті.
Дата: 9.06.2014, 4:23 Автор: №9 ОМ